Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуальды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуальдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Дуальды оқыту жүйесі элементтерін енгізудің мақсаттары:
Колледж ұжымының мақсаты:
1. Дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасақтау;
2. Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау;
3. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;
4. Оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық зертханалық жабдықтармен қамту;
5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялар және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу;
6. Әлеуметтік серіктестермен байланыста оқушыларды өндірісте тәжірибеден өткізу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болу.
Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты:
1. Оқу орнына қандай және қанша маман дайындау туралы ақпарат беру;
2. Оқу орнына маман дайындауға өз талаптарын қою;
3. Оқу орнымен бірлестікте оқу-материалдық құжаттарды дайындауға қатысу;
4. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өткізу мүмкіндігін қарастыру, шешу;
5. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасау;
6. Оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту;
Оқушының мақсаты:
1. Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке негізделген білім алу;
2. Өндірісте оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өту мүмкіндігін алу;
3. Колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.