«Jas órken» студенттік театр үйірмесі
«Jas órken» студенттік театр үйірмесінің мақсаты әртістік өнердің қыр-сырын зерттеп, сахнаға театрлық қойылымдарды қою ғана емес студенттердің көркемдік және халықтық шығармашылығын жан-жақты дамуын қадағалау жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру актерлік шеберлігін қалыптастыру болып табылады.
Үйірме сабақтарын драма театр және кино артисі, «Өнертану» ғылымдарының магистрі Оңғарбаева Жадыра Нұрғайынқызы жүргізеді.
«Жас өркен» студенттік театрында өнерлі студенттер актерлік қырларымен танылып, барша көрермендерге әр түрлі тақырыпта сахналық көрініс қойып, өнерсүйер қауымға кеңінен таныс болды.
«Jas óren» ұлт — аспаптар ансамблі үйірмесі
«Jas óren» ұлт — аспаптар ансамблі үйірмесінің басты мақсаты: студенттердің өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, өнерпаз студенттің шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, жастарға домбыра аспабын үйрету арқылы ұлттық үрдістерімізді бойына сіңіру жастарды рухани тәрбиелеу.
«Halyqtyq mýzyka» үйірмесі
«Halyqtyq mýzyka» үйірмесінің негізгі мақсаты студенттерге қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау, жыр терме үлгілерін үйрете отырып, көркемдің талғамды дамыту болып табылады
Үйірмеге қатыса отырып, студенттер аспаптарды кәсіби ойнай отырып, жыр-термелерді нақышына сай орындауды үйренеді.
«Jas dızaıner» үйірмесі
«Jas dızaıner» үйірмесінің мақсаты-студент қыздардың тігіншілік қабілетін дамытып, өз эскиздері бойынша киім тігуге үйрету. Сабақ барысында тігіннің қыр-сырлары, дизайн үлгілері үйретіліп, үйірме студенттерінің еңбектері дүйім жұртшылыққа көрсетіліп, жұмыстары насихатталады.