Білім күні қарсаңында Есенов колледжі алаңында жаңадан қабылданған 1 курс студенттерді қарсы алып, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында колледж басшысының міндетін атқарушы Жамурова Алтыншаш Нуридиновна алғаш сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі. Салтанатты шараға арнайы қонақ ретінде Қазпошта АҚ директоры Утибалиева Дариға Иргалиқызы қатысып, жаңадан қабылданған білім алушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.
Құрметті ұстаздар, студенттер және ата-аналар баршаңызды бүгін келіп жеткен Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!