«ЖАС ҚЫРАН – 2022» өнер байқауы

БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ📣
«Есенов колледжі» білім алушылар арасында өтетін«ЖАС ҚЫРАН – 2022» ӨНЕР БАЙҚАУЫНА қатысуға шақырамыз
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ📌
1.1.Өнер байқауының іріктеу кезеңі 2022 жылдың 12-14 қазан аралығында өткізіледі.
1.2.Өнер байқауы 2022 жылдың 20 қазан күні өткізіледі.
1.3.Байқауды ұйымдастыру және өткізуді колледж педагог-ұйымдастырушысы жүзеге асырады.
II БАЙҚАУ МАҚСАТЫ
2.1. Байқау – жастардың рухани мәдениеті мен шығармашылығын дамыту, дарынды орындаушылар мен жас таланттарды айқындау және қолдау мақсатында жастар арасында өткізіледі.
ІII ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
3.1. Орындалатын барлық шығармалар жанды дауыста орындалуы тиіс.
1. Байқау аталымдары (номинациялары):
1) «Аспапта ойнау» жанры бойынша екі шығарма орындайды. Дуэт,трио, квартет, шағын фольклорлық ансамбльдер қатыса алады. (Домбыра, қобыз, қыл қобыз, прима қобыз, шертер,саз сырнай т.б қазақ және басқа ұлттық халық аспаптары.)
2) «Дәстүрлі ән» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен екі ән орындайды. Орындаушы дәстүрлі ән, халық әні немесе терме орындайды.
3) «Эстрада-вокал» жанрына қатысушылар эстрада ән жанрында екі ән орындайды. Орындалатын ән халық әні және халық композиторларының әні болуы тиісті. Ән тірі дауыста орындалуы қажет.
4) «Хореография» жанры бойынша әр топ екі би орындайды: ұлттық би және қазіргі заманауи би.
5) Театрлық өнер: – Шағын көрініс, скетч, монолог, этюд, миниатюра, сатира, әзіл- оспақ, көркем сөз оқу 3-7 минуттан аспауы керек;
6) Конфераньсе (жүргізуші) байқауы: – Жүргізушілер өздері дайындаған әр түрлі тақырыпта концерттік бағдарламаларын жүргізеді; – Дикциясы, сахна мәдениеті мен киіміне мән беріледі.

Байқауға қатысушылар өз өтініштерін 11.10.2022 күнге дейін «Педагог ұйымдастырушы» кабинетіне (214 каб) немесе электрондық поштаға 📩sandigul.yerzhanova@yu.edu.kz жіберулеріңіз сұралады.
Анықтама үшін байланыс телефондары: +77025558971; 87758600104.