9 қазан Дүниежүзілік пошта күні

9 қазан Дүниежүзілік пошта күні қарсаңында колледждің  «Пошта байланысы» мамандығының 1 курс студенттері «ҚазПошта» АҚ ұжымын мерекемен құттықтап келді.
Шара барысында «ҚазПошта» АҚ мамандары колледж студенттерін пошта ғимаратымен таныстырып, экскурсия жасады. Ал студенттер өз кезегінде шараға арналған өнерлерін ортаға салды.
❗️Еске сала кетсек, «Пошта байланысы» мамандығы «ҚазПошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Утебалиева Дариға Иргалиқызының бастамасымен өңірімізде алғаш рет Есенов колледжінде ашылған болатын.
🎈Құрметті пошта саласының қызметкерлері! Сіздерді колледж атынан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға бақыт пен береке, ынтымақ пен бірлік тілейміз. 💥💥