Марапат мерейіңді өсіреді!

14.10.2022 күні «Есенов колледжі» ЖШС басшының м.а. А.Н. Жамурова колледж оқытушыларына, Даулетова Баршын Абдуллаевна – орыс тілі пәні оқытушысы, Жумагалиева Раушан Сауирбаевна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, Жұбаева Зауре Құлшыққызы – математика пәні оқытушысы, Сақтағанова Асыл Жолдасовна – математика пәні оқытушысы, Туракова Гайша Алпамысовна – химия пәні оқытушысына  Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрі А.Қ. Аймағамбетов атынан Ұстаздар күні мерекесімен құттықтау ашық хатын табыстап құттықтады.

Сонымен қатар «Маңғыстау облыстық білім басқармасы» КММ басшысы Д.Н. Жұмашеваның құрмет грамотасы Матенова Дана Жалгасбаевна – арнайы пән оқытушысы, Атаниязов Нурсултан Кайратулы – басшының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, және алғыс хатын Нурадинов Илес Еркінұлы – басшының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, Шакирова Мадина Нұрсұлтанқызы – арнайы пән оқытушыларына табысталды.

Шара барысында сондай-ақ, Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңінен жүлделі орын алған жеңімпаздарымыз Рисбаева Раушана Бидуллаевна – химия пәні оқытушысы, мұнай газ саласы бойынша 1 орын иегері, Матенова Дана Жалгасбаевна – арнайы пән оқытушысы, педагогика саласы бойынша 2 орын иегері,  Смагулова Эльвира Сагиновна,  Жақаева Ақбота Көшкінбайқызы – арнайы пән оқытушылары, энергетика саласы бойынша3 орын иегерлері, Туберов Сапарбай Джумабаевич – дене шынықтыру пәні оқытушысы, спорт саласы: «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігінен «Үздік маман» иегері атанды.
Барлық жеңімпаздарға, алғыс хат, құрмет грамотасы иелеріне білім саласындағы қызметтеріне шығармашылық табыстар тілейміз.
Шара соңында студенттер мерекелік ән мен күйден шашу шашып ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.