«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ демеушілік көмек көрсетті

19.10.2022 қазан күні, Yessenov University президенті қоғам алдындағы есептік кездесу жиналысында «Қаражанбасмұнай» АҚ (әрі қарай – ҚБМ) басқармасы, облыстық мәслихат депутаттары, мұнай компанияларының басшылары, университет пен колледждің оқытушылар құрамы, қоғам белсенділері мен студенттер қатысты. Университет президенті Берік Ахметов білім ордасының өткен оқу жылындағы жетістіктері, сондай-ақ инновациялары мен жоспарлары туралы айтты.
Жиналыс барысында ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев компания білім ордасының өскелең ұрпақ бастамаларын қолдайтын сенімді серіктесі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі келісімімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мақұлдауымен және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен басшылық Yessenov university 82 млн.теңге және Yessenov college 12 млн.теңге көлеміндегі демеушілік сертификаттарын табыс етті. Бұл қаражат колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, атап айтқанда, зертханалық жабдықтар, компьютерлер, цифрлық зертхана және т. б. сатып алуға жұмсалады.
Сонымен қатар, демеушіліктен бөлек, ҚБМ меморандум аясында Қаражанбас кен орнында студенттерді тәжірибеге бағытталған оқыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бұл арқылы тәжірибеден өтушілер вахталық әдіспен өз ісінің шеберлерімен бірге жұмыс істеп, өндіріске тікелей араласып, тәжірибесін шыңдайды.
#yessenovuniversity
#yessenovcollege