Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен кездесу

Есенов колледжінің «Құқықтану» және «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенттері Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында студенттер департаменттің қазіргі құзыреттілігі, жұмысы туралы танысып, қызықты сұрақтарына жауап алып, ой бөлісті.