«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Есенов колледжі тәрбие бөлімі және бірінші курс студенттері топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарамыздың басты мақсаты: әлеуметтік аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасынан шыққан студенттерімізге қолымыздан келгенінше қамқорлық көрсетіп, қуанышқа бөлеу. Студенттеріміздің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру.
Жәрмеңкеде студенттер өздерінің дайындап келген тағамдарын сату арқылы қаржы жинап, қайырымдылыққа өз үлестерін қосты. Жиналған қаржы әлеуметті жағдайы төмен отбасыларға беріледі. Жыл сайын ұйымдастырылатын осы шараға белсенділік арта түсуде. Алдағы уақытта тағы да қайырымдылық шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.