Маңғыстау облыстық сотында «Жергілікті соттар кеңселеріне мамандарды жұмысқа тарту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық сотында «Жергілікті соттар кеңселеріне мамандарды жұмысқа тарту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді алғы сөзбен Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің Персоналды басқару бөлімінің басшысы Жидебаева Гүлзат Жидебайқызы ашып берді. Ары қарай күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Есенов колледжінен дөңгелек үстелге Басшының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Нурадинов Илес Еркінұлы, құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы Утенова Айгүл Айдарбаевна және осы жылы құқықтану мамандығын бітіретін болашақ түлектер қатысты. Дөңгелек үстелге Мемлекеттік қызмет істері агентігінің МО бойынша департаменті басшысы, Соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы, Каспий өңірі Болашақ колледжінің басшы орынбасары, Соттар әкімшісінің Персоналды басқару бөлімі қатысты. Дөңгелек үстел барысында талқылау, пікір алмасу мен қатар ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта Маңғыстау облыстық соты колледж студенттеріне арнайы келіп өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибеге қабылдайтынын және өзін дәлелдей алған студенттерді жұмысқа қабылдайтынын айтты. Осындай дөңгелек үстел ұйымдастырған Маңғыстау облыстық сотына колледж ұжымы атынан үлкен алғысымызды айтамыз.