2022 жылдың 15 қараша күні колледж қабырғасында «Жұмыс берушілер күні» аясында Есенов колледжімен серіктес мекемелердің өкілдерінің қатысуымен «Жұмыс берушілермен серіктестік-сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші» тақырыбында форум өтті. Форумға қатысушылар Есенов колледжінің Басшысының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қосбаев Рамазан Сайранұлының және Арнайы пәндер оқытушысы, ардагер оқытушы Нұрберген Жұмат ағайдың баяндамасын тыңдады.Баяндамашыларлың сөзінен кейін Маңғыстау білім басқармасының Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, Епенова Зинаида Анесовна жұмыс берушілерді төл мерекелерімен құттықтай отырып, Ақтау электр желілері басқармасының басшысы Жумағазин Ербол Борачевичті және «Казпочта» АҚ, Маңғыстау облысындағы филиалының директоры Утебалиева Дариға Ерғалиқызын Оқу ағарту министрінің арнайы Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық полиция департаменті мен «Казазот» АҚ-н Маңғыстау облысының білім басқармасының арнайы Алғыс хатымен марапаттады. Марапаттулардан соң форум қатысушылары еркін форматта бір-бірімен пікір алмасып, өзекті тақырыптарда сұрақтарына жауап алды. Пікір алмасу кезінде «Ақтау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры Елшібекқызы Айдана қазіргі таңда жас мамандарды жұмыспен қамтуға бағытталған арнайы бағдарламалармен таныстырды. Қатысушылар бұл бағдарламаларға аса үлкен қызығушылығын танытып, көкейкесті сұрақтарына жауап алды.