Халықаралық студенттер күніне орай колледжде 7-16 қараша аралығында «Сенің жұлдызды сәтің» тақырыбында 1 курс студенттері арналған он күндік ұйымдастырылған болатын.
Онкүндікті қорытындылау мақсатында 17 қараша «Your star’s moment» атты мерекелік концерт өткізілді.
Мерекелік концерт барысында онкүндікке белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған топтар мен студенттер мараппаталды. Сонымен қатар 2,3,4 курс студенттер арасында колледж жетістігіне үлес қосып жүрген студенттерге арнайы номинация бойынша диплом мен төсбелгі табысталды.
Сондай-ақ аталған шараларға белсенді қатысқан топтардың топ жетекшілері де арнайы алғыс хатпен марапатталды.
1 курс топтар арасында «Сенің жұлдызды сәтің» онкүндігінің қорытындысы бойынша ИС-22 тобы «Үздік топ» деп танылып, ауыспалы кубокке ие болды.
Мерекелік концерт соңында студенттер ән айтып, би билеп мерекелік көңіл күй сыйлады.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!