Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған «Сенің жұлдызды сәтің» онкүндігі бағдарламасына сәйкес 14 қараша күні колледж қабырғасында бірінші курстар арасында Шахматтан турнир өтті. Турнирге 16 студент қатысып, өзара бақ сынасты.
Үздік үштікке ЭЭ-22 тобының студенті Маңғыстау Азат және АиУ тобының студенті Ходжаназар Ұлан ілінсе, екінші орынды П-22 тобының студенті Гинаятов Мансур иеленсе, бірінші орынды ОСО-22 тобының студенті Құдайберген Бекарыс иеленді.