Тілдер әдістемелік пәндік-циклдік бірлестігі апталығы

Үстіміздегі жылдың 21-25 қарашасы аралығында «Есенов колледжі» ЖШС «Тілді меңгертуде инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану – оқытушы ізденісінің жемісі» тақырыбында Тілдер әдістемелік пәндік-циклдік комиссиясының
пәндік апталығы өтуде. Апталықтың мақсаты:
➢ кәсіби білікті құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңа заманғы озық технологияларын оқыту үдерісінде үздіксіз қолдану арқылы білім беруді ақпараттандыру, шығармашылық ізденістерін қалыптастыру;
➢ оқытушылардың кәсіби шеберлігін озық инновациялық технологиялар әлемінде шыңдау;
➢ оқытушылардың озық технологияларды оқып -үйренуінің практикада қолдану нәтижелілігі;
➢ алдыңғы қатарлы шығармашыл оқытушылардың іс – тәжірибесін тарату;
➢ білімділік, біліктіліктерін шыңдау, кәсіптік шеберлікке ынталандыру, тәрбиелеу, соған сәйкес атқарар іс-әрекеттің тетіктерін ұсыну;
➢ оқыту үдерісінде жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы оқытушының интеллектуалдық , кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуы, өзін-өзі дамытып, оқу -тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруы.
Апталық жоспарында ашық сабақтар, қонақ дәрісі, сұхбаттасу кеші, сыныптан тыс шаралар өткізу қамтылған. Апталықтың алғашқы күнінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, педагог-зерттеуші Жумагалиева Раушан Сауирбаевна қазақ тілі пәнінен «Экономикалық жаһандану. Сөзжасамдық тәсілдер» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Д.Э.Қарашаевпен бірге кіріккен сабақ өткізді. Сабақ өте тартымды, қызықты өтті. Студенттердің белсенділігі мен танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту оқытушының сабақ үрдісін шебер ұйымдастыра білуінде болды. Ашық сабақ оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына, сондай-ақ жас мамандардың үйренері көп үлгілі сабақ болды.