«Тілді меңгертуде инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану – оқытушы ізденісінің жемісі» атты тілдер апталығы

«Тілді меңгертуде инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану – оқытушы ізденісінің жемісі» атты тілдер апталығының жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Избасова Г.Қ. ОСО-22 тобында «Kindness and charity» (Мейірімділік және қайырымдылық) тақырыбында ашық сабақ өтті. Студенттердің ой-өрісін дамыта отырып, қазіргі заманға лайық тұлғаны тәрбиелеуде оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданудың тиімді екенін оқытушы тағы бір дәлелдеп өтті. Сабақ барысында жаңа сабақтың тақырыбын ойтүрткі беру арқылы студенттердің өздеріне тарту, тақырыпқа сай қызықты бейнематериалды жартылай көрсете отырып, ары қарай оқиғаны өрбіту, студенттерге сұрақтарды қызықты етіп ұсыну – барлығы да оқытушының шеберлігін көрсете білді. Сонымен қатар, ағылшындық тіл үйретуші маманы Майкл Лейзоректің қатысуы сабақты одан әрі көркемдей түсті.