«Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» тақырыбында кездесу кеші өтті

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай колледждің арнайы пән оқытушысы А.С.Жанесова мен «Сенімен болашақ» ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының басшысы М.К.Сұлтанбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» тақырыбында кездесу кеші өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру; студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Кешке арнайы қонақ ретінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Жұматов Нұртілеу Хамитұлы қатысты.
Кеш барысында тарихи оқиғаның куәгеріне бірнеше сауалдар қойылып, сырлы сұхбат болды. Кеш қонағының 36 жыл бойы жүрек түкпірлерінде сақтаған сол кезеңдердегі тарихи сәттен жүрек мұздар ащы шындықтармен естеліктері студенттерді ерекше толғандырды.
Кеш соңында Нұртілеу Хамитұлына колледж атынан естелік сыйлық табысталды.