“Ilyin Iron Cup” көрме турнирінде “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының 3-курс студенті Курбанова Аружан армреслингтен топ жарып, 1-орын иеленді.

21 мен 22 желтоқсан аралығында Астана қаласында атақты қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің ұйымдастыруымен “Ilyin Iron Cup” көрме турнирі өтті. Турнирге қатысушылар ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-реслинг, воркаут және стронгмен секілді спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.
Колледждің “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының 3-курс студенті Курбанова Аружан армреслингтен топ жарып, 1-орын иеленді.
Колледж атынан Аружанды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!