Қаңтар айының 10-16 күндері аралығында YESSENOV UNIVERSITY оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «СПАРТАКИАДА – 2023» жарысы өтті

Қаңтар айының 10-16 күндері аралығында YESSENOV UNIVERSITY оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «СПАРТАКИАДА – 2023» жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты – оқытушылар мен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, оқытушылар мен қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың арасында достық пен өзара сенімді нығайту мақсатында өткізілді.
Спартакиадаға 11 команда, спорттың 6 (Волейбол, баскетбол, шахмат, жүзу, шағын футбол, үстел теннисі ) түрінен сайысқа түсті.
Нәтижесінде Колледж командасы спорттың 1 түрінен (үстел теннисі) 1-орын, 4 түрінен (Волейбол, баскетбол, шахмат, шағын футбол)  2 – орынға қол жеткізіп, командалық есепте 1-ші орынға ие болды.
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер атанған командаларға университет атынан естелік сыйлықтары, дипломдары берілсе, жалпы есепте жеңіске ие болған Есенов колледжі командасы ауыспалы кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.
Колледж атынан қатысқан барлық оқытушылар мен қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!