«Кітап оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік күн болды

Әдістемелік күнде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Боранқұлова Г.С. алдымен
Сіз кітап оқисыз ба?
Сізге қандай жанрдағы шығармалар ұнайды? – деген сұрақтармен әріптестерімен пікір алмасты. Әріптестер
* Балам кітап оқысын десеңіз, әуелі өзіңіз үлгі көрсетіңіз.
* Балаға ең алдымен жасына, ойлау қабілетіне сай кітап ұсыныңыз.
* Балаға жеңіл әңгімелерден, ертегілерден бастап оқытыңыз.
* Кішкентайларға иллюстрациялы, суретті кітаптар ұнайды.
* Оқыған кітаптары туралы баламен пікір алысыңыз, әсерімен бөлісіңіз.
* Балаға жеке кітапханасы болатындай жағдай жасаңыз. Сауаттылығыңыз артады – деген сұрақтар төңірегінде өзара пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ оқытушылар өздерінің балалық, жастық шағында оқыған кітаптарымен, қазіргі таңда ең соңғы оқыған кітаптар туралы әңгімелеп берді. Әдістемелік күн өте әсерлі өтті. Колледж оқытушылары көзі ашық, көкірегі ояу, ізгі ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі құрал-балалардың кітап оқуы деген қорытындыға келді.