2023 жылдың 9 ақпан күні Есенов колледжінің НО-21 тобының студенттері топ жетекшісі Шакирова Мадина Нұрсұлтанқызы және педагог-ұйымдастырушы Ержанова Сәндігүл Бақшақбайқызымен бірге Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесіне «Балалардың жүрегін жылытайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, студент жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.
Қайырымдылық шара аясында кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етіліп, шағын концерт қойып, балалармен әр түрлі көңілді ойындар ойнады.
Шара соңында мекеме басшысы Ермуханова Сару Мұхамбеткалиқызы ұстаздар қауымы мен студенттерге мекеме атынан шын жүректен алғысын білдіріп, осындай игі істердің жалғасын таба беруіне тілектестік білдірді.