16.02 күні Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжінде облыстық “Ұранды елдің қайсар ұрпағы” атты әскери-патриоттық сайысы өтті. 16 команда қатысқан сайысқа колледж намысын “Демеу” командасы қорғап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Команданы және жетекшісі Р.И. Баратовты кезекті жеңісімен құттықтап, алда болатын сайыстарға сәттілік тілейміз!