2023 жылдың 22 ақпан күні Есенов колледжінің тәрбие бөлімі ұйымдастырған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді.
Шараны өткізудегі басты мақсат – студенттер бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Педагог ұйымдастырушы Сәндігүл Бақшақбайқызының жетекшілігімен «Арнау» шығармашылық тобының студенттері концерттік бағдарламасын ұсынды. Ақтау қалалық №1 қарттар мен мүгедектер интернат үйіндегі қамкөңілді қарттардың жүректерін жылулық пен тұтас рухани күшке толтыра отырып, музыкалық нөмірлерін тарту етті. Сондай-ақ, Жастар ісі комитетінің инспекторы Наурызбай Қанатұлының жетекшілігімен «Демеу» студенттік өзін-өзі басқару парламенті ақ дастархан жайып, дәмді тағамдар мен сусындар ұсынды.
Өз кезегінде ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелер шынайы ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.