23-27 ақпан аралығында Астана қаласында ұзын цикл бойынша ГІР спортынан Қазақстан Республикасының чемпионатында колледжіміздің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Бүркітбай Дархан +78 кг салмақта 1-орын иеленіп, Азия ойындарына жолдама алды. Студентімізді шын жүректен құттықтап, сәттілік тілейміз, алар асуларың, бағындырар белестерің көп болсын!