Достар, баршаңызды 1 – наурыз алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – ел тұрғындарының бір-біріне алғыс айтып, құрмет білдіретін күні. Бірлікті, ынтымақ пен татулықты мақсат еткен мерекенің орны ерекше.
Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын ерекше күн бір-бірімізге деген достық, татулық сезімдерді нығайтып, араларымызды жақындата түссін.
Күндеріміз шуақты, бірлігіміз қуатты болсын!