Бүгін «Есенов колледж» қабырғасында «WorldSkills Aktau – 2023» колледжішілік чемпионатына қатысқан студенттерді марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Марапаттау кезінде студенттерге колледж басшысы Серикбаев Қазыбек Альмуханович дипломдарын табыстап, алдағы болатын өңірлік чемпионатқа сәттілік тілеп өз тілегін білдірді.