Есенов колледжінде көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-өмірдің шуағы!» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараның басты мақсаты – жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын құрметтеу арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мерекелік шараның шымылдығын Есенов колледжінің басшысы Серікбаев Қазыбек Алмуханұлы ашып, ардақты аналар мен қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, колледж басшысы шәкірттерге тәлім-тәрбие беруде өз үлестерін қосып, оқу ордамыздың мәртебесін арттыруда зор еңбек сіңірген бір топ ұстаздар қауымын алғыс хатпен марапаттады.
Мерекелік шара одан әрі студент жастардың нәзік жандылардың құрметіне арналған концертіне ұласты.
Өнерпаз студенттеріміз ұстаз – аналар мен ару қыздарға ақжарма тілектері мен өлең-жырларын арнап, әсем әнімен, мың бұралған биімен көңілдерін серпілтіп, мерекелік көңіл–күй сыйлады.
Мереке соңында барлық қатысушы аналар мен қыз-келіншектерге гүл шоқтары мен сыйлықтар ұсынылып, нәзік жандыларды құрметке бөледі.