Бүгін 14 наурыз Амал мерекесіне ұйымдастырылған колледжішілік мерекесі қарсаңында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» бірлестігі көріс дастарханын әзірлеп, «Бесік той» дәстүрін сомдады.Бесіктің киелі екендігі, оны сатып алғанда саудаласуға, бос бесікті тербетуге,бесікті сатуға болмайтындығы, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайтындығы, бесіктің өзін отпен аластап қоятындығы, бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керектігі, үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажеттігі, бесіктің теріс жағына отырмау керектігі, бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс және киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керектігі сияқты бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар туралы маңызды деректер айтылды.