Есенов Университетінің «Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекесі аясында ұйымдастырылған «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын» атты келіндер сайысы өтті

Жарайсың, Индира Сисенғалиқызы!
Есенов Университетінің «Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекесі аясында ұйымдастырылған «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын» атты келіндер сайысы өтті.
Сайысқа отбасының көркін келтіріп, жан-жақтылығымен танылып жүрген келіндер қатысып, бақ сынады.
Әр үйдің өнерлі келіндері өздерінің шыққан тегі мен түскен шаңырағынан мағлұмат беріп таныстырған болса, өнер сайысында өздерінің өнерлерін ортаға салды.
Сайысқа Есенов колледжінің педагогика және психология пәні оқытушысы Индира Сисенғалиқызы қатысып, ерекше өнерімен танылып, көптің көңілінен шығып, өнер көрсеткені үшін «Сәнді келін» номинациясына ие болды. Жарайсың, Индира Сисенғалиқызы! Алар асуларыңыз көп болсын! Жетістігіңіз құтты болсын! Биіктерден көріне беріңіз!