Наурыз айының 15-18 күндері аралығында Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы және Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру» ұйымдарының студенттері арасында ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өткізілді.
Нәтижесінде колледж студенттері шағын футболдан ұлдар 1 орын, қыздар 2 орын сонымен қатар волейболдан ұлдар 2 орын, қыздар 3 орын, үстел тениисінен 1 орынға ие болды.
Колледж атынан қатысқан барлық білім алушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық ұлттық спорт лигасында жеңісті күніміз көп болсын!