«Цифрлық құзіреттілік инновация бастауы» тақырыбында әдістемелік күн болып өтті.

Колледжде «Цифрлық құзіреттілік инновация бастауы» тақырыбында әдістемелік күн болып өтті. Білім сапасын жоғарылату, құзыретті маман тәрбиелеу– барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды мәселесі. Оқу мақсатына сәйкес келетін цифрлық құралдарды таңдау арқылы қашықтан оқыту мен оқудың, сондай-ақ дәстүрлі сабағымыздың тиімділігін арттыра аламыз. Осы телекоммуникациялық және ақпараттық құралдар негізінде әр түрлі педагогикалық қызмет түрлерін қолдануға болады. Цифрлық құзіреттілік пен инновацияны дамыту; QR code, 3D кітапшасын ақпараттық, инновациялық технологияда қолдану; Hand Animation бағдарламасын қолдана отырып, ұстаздарға видеосабақ жасаудың жаңа түрін үйрену туралы бүгінгі әдістемелік күнде әріптестер өзара пікір алмасты. Міне осы мәселе төңірегінде HAND ANIMATION бағдарламасы анимациялық қолмен жазу әдісі бағдарламасына жекелей тоқталды. Бағдарламаның басты ерекшелігі студентке ең жақын анимация жанрында жасалуы. Бағдарлама дидактикалық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі білім беру мәселелерін шешуде оқытушыларға баға жетпес көмек көрстеуге, жаңа материалды меңгеру кезінде қабылдаудың көрнекілігі мен сапасын арттыруға кең мүмкіндік беретіндігі айтылды. Ал Baamboozle бағдарламасы ойындар оқытудың барлық түрлеріне жарамды – онлайн, офлайн. Одан басқа «Ұяшықтар арқылы қозғалу», «Umaigra» сияқты бағдарламалар да оқытушыға үлкен дидактикалық құрал болатынына көз жеткізді. Әріптестер колледждің информатика пән оқытушысы Амантайқызы Данаға өз алғыстарын білдіріп, тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастыруға өз ұсыныстарын білдірді.