“Мерген ару – 2023” атты электрондық тирде ату сайысы өтті

Есенов университетіне қарасты әскери кафедрада колледжішілік бірінші курс қыздар арасында “Мерген ару – 2023” атты электрондық тирде ату сайысы өтті. Сайыста қыздар электрондық автомат АК-74 және электрондық пистолет ПМ-9мм қаруларын ату бойынша бақ сынады. Қыздарға баға берген төрешілер әскери кафедра басшысының орынбасары, запастағы майор Д. Бекмухамбетов, “Застава тарландары” АРҚБ Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы запастағы полковник В.А. Калпаков және ЖІК инспекторы Н. Қанатұлы болды. Сайыс соңында алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталған студенттер сайысты ұйымдастырушы АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Р.И. Баратовқа және әскери кафедраға өз алғыстарын білдірді.