«Мейірім» қайырымдылық акциясы

19 сәуір күні колледждің Р-ПБ-22 тобы студенттері мен кураторы Нурсейтова Тоты Койшыбаевна және педагог-ұйымдастырушы Ержанова Сәндігүл Бақшақбайқызымен бірге «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесіне «Мейірім» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Кішкентай бүлдіршіндермен әр түрлі көңілді ойындар ойнатылып, тәтті тағамдар таратылды. Сондай-ақ, Рамазан айымен құттықтап, қайырымдылық шаралары әлі де жалғасатынын атап өтті.
Шара соңында мекеме басшысы ұстаздар мен студенттерге мекеме атынан шын жүректен алғысын білдіріп, осындай игі істердің жалғасын таба беруіне тілектестік білдірді.