Бүгін колледждің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары м. у. а. Хайруллин Біржан Марданұлы және превенция басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Турлыбайқызымен кездесті. Кездесуде департаменттегі соңғы жаңалықтар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, соңында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алып, ойларымен бөлісті.