Бүгін “Нашақорлық – қоғам дерті” тақырыбында ШЖҚ МКК “ОПДО” бөлім меңгерушісі Елеуова Корлан Амангелдиевна колледж білім алушыларына профилактикалық дәріс оқыды. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналылыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға кеңес берді. Студенттер сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді.