Мамыр айының 03-08 аралығында Гір спортынан Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында колледждің «Дене тәрбиесі және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Бүркітбай Дархан Нартайұлы 85 кг салмақта серпе көтеруден 🥇1 орын және жұлқа көтеруден 🥈2 орын иеленіп, Азия чемпионы атанды. Колледж ұжымы және білім алушылары атынан чемпионды құттықтап, алғыс айтып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз! 👏🏻👏🏻