«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.
Осы орайда 2023 жылдың 13 мамыр Ақтау уақыты бойынша сағат 11.00 – де республиканың барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында колледждерде көшеттер отырғызылуына байланысты колледжде 10 жеміс ағаштары отырғызылып, колледж ауласында тазалау жұмыстары жүргізілді. 🍀🌱 #жасылмекен #еңбекқорлық