2023 жылдың 12-18 мамыр аралығында Маңғыстау облыстық білім басқармасының Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары арасында СПАРТАКИАДА жарысы өтті.

2023 жылдың 12-18 мамыр аралығында Маңғыстау облыстық білім басқармасының Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары арасында СПАРТАКИАДА жарысы өтті. Жарыстың мақсаты-оқытушылар мен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, оқытушылар мен қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың арасында достық пен өзара сенімді нығайту мақсатында өткізілді. Спартакиада бағдарламасына келесі спорт түрлері кірді: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, баскетбол және тоғызқұмалақ.
Есенов колледжі командасы спартакиада бойынша барлық спорт түрлеріне ерекше ықыласпен қатысып, өздерінің жақсы спорттық дайындығын, командалық рухын және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Спартакиада қорытындысы бойынша колледж оқытушылары ерлер волейболдан 🥇1-орын, шағын футболдан🥉 3-орын, баскетбол 🥈2-орын, әйелдер арасында баскетбол🥈 2-орын, үстел теннисінен командалық 1🥇-орын, тоғызқұмалақтан ынталандыру орындарына ие болды. Маңғыстау облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында командалық есепте колледж 🥇1-орынға ие болды.
1-2 орынға ие болған оқытушыларымыз алдағы уақытта Семей қаласында өтетін Республикалық спартакиадада Маңғыстау облысы атынан сынға түсуге жолдама алды.
Колледж атынан қатысқан барлық оқытушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! 🏆👏🏻