24.05 күні «Токарлық іс» білім беру бағдарламасының бірінші курсының белсенді студенттері мен топ жетекшісі Наурызбай Қанатұлы Достық үйіне барып, этно-мәдени орталықтардың қатысуымен өткен ашық есік күніне қатысты. Славян тектес халықтардың салт-дәстүрімен, тарихымен, әдет-ғұрпымен танысқан соң Достық үйінде орналасқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың жеке бөлмелерімен және музеймен танысты.