Қылышмұратова Меруерттің ұйымдастыруымен «STEM – білім берудің жаңа тренд ұғымы» тақырыбында әдістемелік күн болды.

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Міне осындай мақсатта колледж оқытушылары арасында тәжірибе физика пәнінің оқытушысы, жас маман Қылышмұратова Меруерттің ұйымдастыруымен «STEM – білім берудің жаңа тренд ұғымы» тақырыбында әдістемелік күн болды. STEM – оқытудың кіріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдар шынайы өмір мән мәтінінде зерделенеді. Мұндай тәсілдің мақсаты – STEM – сауаттылық пен әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ететін мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында тұрақты байланыс құру екендігін Меруерт Жанәбілқызы атап өтті. Колледж оқытушылары бұл әдістемелік күннен күнделікті сабақ барысында миға шабуыл, рефлексия, кері байланыс, ой толғау бөлімдерінде қолдануға болатын Quizlet, Bouncy Balls, Jamboard, wooclap т.с.с платформалармен тапсырмалар орындай отырып танысты. Бұл платформалар студенттердің сабаққа қызығушылығын арттырып ғана қоймай бір бірін тыңдауға, топтық жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа үйрететіндігіне көз жеткізді. Жас та болса шығармашылықпен жұмыс жасауға ой-өрісі мықты жас маман Меруерт Жанәбілқызына әріптестері риза болып, алғыстарын білдірді.