12-14 маусым күндері аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласында колледж студенттері арасындағы Республикалық спартакиаданың үстел теннисі жарысына колледж атынан қатысқан «01140500 – Дене тәрбиесі және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Дикаев Диас Асқарұлы және «07140100 – Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мәтбаев Нүркен Айдынғалиұлы, сонымен қатар «01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Бурко Кристина Евгеньевна 3 орынға ие болды! Жеңімпаздарымызды құттықтап, мақтан етеміз!👏🏻