Ұлттың ұлы мұрасы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауынан шәкіртіміз Бурабекова Фарида жүлделі 2 орын алды. Студенттің жетекшісі-Тавунова С.К.

«ТІЛДАРЫН» БАЙҚАУЫ

Облыстық «Тілдарын» байқауына қатысқан қос шәкіртіміздің де қанжығалары олжалы. Дәлірек айтсақ Нұрлан Жанайым 1-орын иеленсе, Сансызбай Арман ынталандыруды місе тұтты.Ақыл мен білімге сусындатып аламанға қосқан, қос шәкірттің жетекшілері Қаржаубаев Э., Тавунова С.

Үздік бейне оқу

Қара өлеңді нақышына келтіре оқитын,озық ойлы Байсауов Жанатбек «Үздік бейне оқу» облыстық байқауының 1 дәрежелі диплом иегері атанды. Жеңімпаз жеткіншектің жетекшісі Надирова Ф.Е.

Гір тасын көтеру және армрестлинг

«Гір тасын көтеру және армрестлинг» федерациясы ұйымдастырған жарыс жеңімпаздары Тіркешов Жандарбек, Адильбаев Қанат. Бұл додаға облыс көлемінде қол күресі бойынша отызға жуық жасөспірім қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қанат 2 орынды, Жандарбек  3 орынды иеленді. Күш-білекте. Жеңісті күндеріңіз көп болсын жалынды Подробнее