«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС

22.04.2021 Ұлттық спорт түрлерінен топтық дода ұйымдастырылды. Жарыста қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен бақ сынаған бағландар жақсы нәтиже көрсетті. Жалпы командалық есепте ОСО-20 тобы 1 орын, ВТИПО-20 тобы 2 орын, П-20 тобы 3 орынды иеленді.

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбындағы тілдер апталығында ағылшын тілі пәні оқытушылардың ұйымдастырумен 1курс студенттері арасында «Тіл-менің тағдырым»  атты зияткерлік ойын өтті.Әр түрлі қызықты  сұрақтармен, тапсырмаларға толы бұл шара студенттердің көңілінен шықты.

ТЕОЛОГ маманмен кездесу өтті.

ТЕОЛОГ маманмен кездесу өтті. Діни сауаттылықтың жоқтығы жастардың адасуына әкеп соқтырады. Сол себепті қателіктің алдын алу мақсатында колледжіміздің студенттері теолог маманмен кездесті. Діни сауатты арттырып, жаңсақ пікірге еріп кетудің алғышарты іспетті бұл кездесу көп түйінді мәселелердің күрмеуін шешкендей.

Гір тасын көтеру

Спорт сүйер саңлағымыз –МАДИЯР!  «Гір тасын көтеру» спорты бойынша Атырау қаласында өткен спорттық додада колледжміздің студенті Манарбек Мадияр жүлдегер атанды. Ақтық мәреге дейін айқын жеңіспен жеткен жас спортшы тұғырдан көрінді. Қанатың талмай, жеңісті күндерің көп болсын жас өрен!

Мамандығым- мақтанышым

«Мамандығым- мақтанышым» тақырыбында кәсіби мамандармен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты кәсібінің нәсібін тауып жүрген маман кеңестерін тыңдап, студенттердіңөз ісінің хас шебері болуға баулу. Бұл кеште тележүргізуші, журналист Ауданбаева Г.Т. және «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ  МОФ фронт офистерді үйлестіру Подробнее

«Меломен» тобының экс-мүшесі, әнші Жігер Ауыпбаевпен кездесу кеші өтті.

«Меломен» тобының экс-мүшесі, әнші Жігер Ауыпбаевпен кездесу кеші өтті.Жастардың жадында әсем әуендерімен еске түсетін әнші Жігер колледж шәкірттерінің көкейдегі сауалдарына жауап беріп, балалық шақтағы қызықтарымен бөлісті. Студент жылдарындағы асқақ армандары туралы айтып,қол жеткізген жоғары жетістіктерімен бөлісті. Кеш соңында жанды дауыста Подробнее

Колледж ұжымы мен студенттері Облыстық Балалар ауылында жаңа жылдық мерекелік шара өткізді.

Колледж ұжымы мен студенттері Облыстық Балалар ауылында жаңа жылдық  мерекелік шара өткізді. жыл қарсаңында колледж студенттері тәттілер дайындап «қайырымдылық» жәрмеңкесін өткізген болатын.Жәрмеңкеден түскен қаражатқа жаңа жылдық сыйлық алынып,облыстық балалар үйінің балғындарына үлестірілді. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерінен құралған мерекелік кеш жас Подробнее

Күз ханзадасы және ханшайымы-2020

Колледж ұжымы және жастар ісі комитетінің  ұйымдастыруымен  «Күз ханзадасы және ханшайымы-2020» байқауы өтті. 4 бөлімнен тұратын байқауда қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін паш етіп, логикалық сауалдарға жауап беріп, күзгі сән үлгісін де көрсетіп үлгерді. Бәйгеден оза шапқан қос жүйрік ХТП-19 тобы Подробнее