Алғы сөзі

Құрметті оқытушылар, ата-аналар және студенттер!

Есенов колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Жарқын болашақ мамандықты дұрыс таңдаудан басталады. Бұл таңдау – жауапты  әрі күрделі таңдау, өйткені жас маманның болашағы оның алған білімі арқылы айкындалады.

Біздің мақсатымыз – қалыптасқан демографиялық жағдайды және экономика салаларында болып жатқан құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Біз түлектеріміздің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына ат салысамыз.
Cалаларда кәсіби білікті мамандардың жетіспеушілігі біздің колледждің түлектеріне қалаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Колледжден алған біліміңіз- қоғамнан өз орныңызды табуыңыздың кепілі!

Жеке сайтымыздан Сіздер колледж қабырғасындағы соңғы жаңалықтармен таныс бола аласыздар.

Барлық сұрақтар, шағымдар мен ұсыныстар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласыңыз: ainagul.zhumagali@yu.edu.kz.

Құрметпен, колледж директоры Жұмағали Айнагүл Көшкінбайқызы