29 қараша күні Маңғыстау облысының студенттері арасында «Жылдың үздік студенті» облыстық байқауы өтті. Қатысушылар 10 аталым бойынша сынға түсті.
Байқау нәтижесінде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3-курс студенті Ниязбай Адайбек «Үздік спортшы» номинациясына және «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Нұрсұлтан Терликпаев «Үздік суретші» номинациясына ие болды.
Адайбек пен Нұрсұлтанды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!