Ш.Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжінде мамандарды даярлау 26 білім беру бағдарламасы (күндізгі және сырттай бөлім) бойынша жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қантардағы № 50 бұйрығы негізінде колледжде  «Бастауыш білім беру», «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары», «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламаларының кейбір оқу топтары дуальды оқыту жүйесіне бойынша білім алады.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығы негізінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Мұнай және газ-кен орындарын пайдалану» білім беру бағдарламаларының оқу топтары модульдік оқу жүйесінде білім алады.