Білім беру қызметінің тиімділігін арттырудың инновациялық әдістері, құралдары мен тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

04.03.2020 ж.күні Ш.Есенов ат.КМТИУ көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Білім беру қызметінің тиімділігін арттырудың инновациялық әдістері, құралдары мен тәсілдері»   атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның өткізілу мақсаты  — педагогтардың жұмыс тәжірибесін тарату және олардың оқу-тәрбие қызметіндегі теориялық және тәжірибелік жұмыс нәтижелерін интеграциялау және жүйелеу.
Университет, колледж және мектеп оқытушылары конференцияға өз баяндамаларымен қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Конференция барысында екі бағыт бойынша үздік баяндамалар іріктеліп, қатысушылар диплом және сертификаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *