Lee Huddleston
Teacher trainer

«Мен 2018-2019 оқу жылында Есенов университетінде жұмыс істедім. Бұл менің Қазақстанда бірінші рет жұмыс жасауым. Маған студенттермен және оқытушылармен жұмыс өте ұнады. Студенттер ағылшын тілін және американдық мәдениетті білуге қызығушылық танытты. Олар әрдайым сабақ барысында өте белсенді болды. Әлі де көптеген студенттермен және оқытушылармен әлеуметтік желілер арқылы байланыста боламын ».

Zachary Patrick-Riley
Teacher trainer

«Мен Yessenov University-де бір жыл жұмыс жасадым.  Университет өзін қаншалықты профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыруға арнайтындығы мені қатты таң қалдырды.  Әлемдік тілдер кафедрасының оқытушылары TKT және CELTA сертификаттарына ие және коммуникативті әдістерді қолдана отырып сабақ өткізетін.  Менің жұмысым ағылшын тілінің оқытушылары үшін воркшоптар және кафедра меңгерушісі үшін үздіксіз біліктілікті арттыру курстарын өткізу болды.  Бұл менің EFL оқытушысы ретіндегі мансабыма өзгеріс әкелді

Исмурзина Гүлжан
облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен бірге 2014 жылдан бері тығыз байланыста қызмет етеміз. Осы жылдар аралығында кафедра мүшелері аймақтағы этносаясаттың өзекті мәселелері бойынша көптеген жауапты іс-шараларды атқарып, аймақ тұрғындарының қоғамдық келісім саласындағы көңіл-күй динамикасын зерделеуге бағытталған ғылыми зерттеулерді сапалы жүргізіп отыр. Сонымен қатар облыс тұрғындары арасында түсініктемелік шараларды жүйелі түрде жүргізіп өлкеміздің шалғай аудандарына барып халықтың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, мәселелерді шешуге атсалысып отыр.

Назарбаева Нина Федоровна
№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үйлестірушісі

“Қоғамға қызмет ету” пәні аясында біздің мекемеде тәрбиеленіп отырған ерекше  балаларға көрсетілген қолдау шын мәнінде өте пайдалы және жағымды эмоцияларға толы болды. Тәрбиеленушілерімен кездесуге қуана келе жатқан студент жастарды көргенде, жүрегімізді қуаныш кернеді. Студенттік жобалар игі істер жасау  арқылы өз-өзіңді танудың және жеке шығармашылық әлеуетіңді  іске асырудың ең жақсы тәсілдерінің бірі екендігінің айқын дәлелі болды.

Елизарова Рушания
«Каспий» баскетбол клубының директоры ( Манғыстау обл., Ақтау қ.)

Мен «Дене тәрбиесі» кафедрасын ерекше жақсы көремін, өйткені біздің «Каспий» баскетбол әйелдер командасының 7 қызы университет студенттері. Олар «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие және 2019 жылы Ақтөбеде баскетболдан өткен Х жазғы универсиада чемпиондары. «Дене тәрбиесі» кафедрасында ұйымшыл ұжым, білікті кафедра меңгерушісі және сауатты оқытушылар жұмыс жасайды.