Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберліктің республикалық конкурсына «Инженерлік саласы» соның ішінде «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы және өндірістік оқу шебері Жумурова Жанат Нұрсұлтанқызы Маңғыстау облысының атынан бағын сынауға аттанды. Бұл конкурс Семей қаласындағы «Семей электротехникалық колледжінде» бастау алды. Конкурс барысында модульдік тапсырмаларды Owen logic, Electronic workbench компьютерлік бағдарламалары көмегімен орындау арқылы бақ сынайды.

Жанат Нұрсұлтанқызына сәттілік! Жеңіспен оралуына тілектеспіз.