Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.01.2016 жылғы № 107 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын» басшылыққа ала отырып, «Есенов колледжінде оқу, өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы» Ережесіне және Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және оқу жоспарларына сәйкес 08.11.2021 күні колледждің оқу өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Нурадинов Илес Еркінұлы және 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» және 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттерінің тәжірибе жетекшісі Сәтбергенова Айгүл Мақсымқызы Ақтау қаласында орналасқан «№10 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Нурумбаева Алия Тельмановна, «Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызымен студенттерді педагогикалық тәжірибеге орналастыру мақсатында мектеп басшылығымен келіссөздер жүргізуге барды. Келіссөздер барысында мектеп басшылығы педагогикалық тәжірибеге қабылдайтынын және жоғары санатты ұстаздарды жетекшілікке тағайындап, колледж студенттеріне өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісетінін жеткізді. Колледж студенттерін құшақ жая қарсы алған мектеп басшылығы мен ұстаздарына мың алғыс.