Колледж директорының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Нурадинов Илес Еркінұлы және 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы студенттерінің тәжірибе жетекшісі Исмагулов Бекмұрат Саматұлымен бірге педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан, Ақтау қаласындағы үздік білім ордалары болып табылатын «№12 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне барып, оқу орны басшыларымен кездесіп келді. Кездесу барысында болашақ ұстаздарды тәжірибеден өткізуге, жоғары санатты ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.